Қазақстан мен Ресей білім саласындағы әріптестікті нығайтпақ
Қысқа сілтеме алу
Тараптар білім, ғылыми зерттеулер және инновациялар саласындағы әріпстестіктің жол картасын әзірлеуді жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Ресей өз аумағында қазақ және орыс тілін меңгеруге қолайлы жағдай жасауға уағдаласты, деп хабарлады Интеграция және сауда вице-министрі Қайрат Төребаев.
Оның айтуынша, Қазақстан-Ресей университетін салу мәселесі талқыланып жатыр.
«Біз Қазақстан орыс тілін, ал Ресейде қазақ тілін үйренуге қолайлы жағдай жасауға келістік», — деді Төребаев Қазақстан мен Ресей үкіметаралық комиссиясының XXI отырысында.
Ол тараптар білім, ғылыми зерттеулер және инновациялар саласындағы әріптестіктің жол картасын әзірлеуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Тағы оқыңыз: Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі қазақстандық студенттер туралы мәлімет берді
«Екі ел арасында студент алмасу жалғасады. Ресейдің ұсынысы бойынша Қазақстан-Ресей университетін саламыз. Бұл жақсы ұсыныс. Жан-жақты зерттейтін боламыз», — деді ол.
Ресейдің жоғары білім және ғылым министрінің орынбасары Марина Лукашевич Қазақстан Ресейдің жетекші ЖОО-ның филиалдарын ашуға мүдделі екенін атап өтті.
sputniknews.kz