Қазақстан мен Ресей басшылары кездесуде қандай мәселелерді талқылады?

0
55

17 маусымда Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында кездесті.

Бұл кездесуде екі елдің басшылары сауда-экономикалық саладағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық байланыс — геосаяси жағдайдың күрделігіне қарамастан, перспективті деді.

«Құрметті Владимир Владимирович, мен сіздің осы беделді форумның жұмысына қатысуға шақыруыңызды қуанышпен қабылдадым. Сіздің баяндамаңызды зор ықыласпен тыңдадым. Бұл сөз мазмұны мен ұзақтығы жағынан халыққа арнаған тұтас бір Жолдауға негізделген. Оны көрермендер қызығушылықпен қабылдады. Менің ойымша, бүкіл әлемде өте қызығушылық танытатын реакция болады. Екі жақты ынтымақтастыққа келетін болсақ, алаңдауға негіз жоқ, бәрі жақсы жүріп жатыр. Біз жобалармен арнайы жұмыс істеп жатырмыз. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласы, инвестициялық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Биылғы жыл ерекше, расында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл, яғни екіжақты ынтымақтастықты дамытуда үлкен табыстарға қол жеткізілді деп айтуға толық негіз бар. Ол алдағы уақытта да алға бағытталып,  ілгері қарқынмен дамиды деп ойлаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз барысында, Ресей басшысы да екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамып жатқандығын атап өтті.

«Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына келгеніңіз үшін үлкен рахмет! Біз үшін ерекше қарым-қатынасымызды атап өту, және сізбен негізгі бағыттар бойынша сағаттарды жеке синхрондау мүмкіндігіне ие болу өте маңызды. Біз бұл туралы форумда айттық. Айтпақшы, мен бұлң жерде сыр бердім деп ойлаймын: мен жеті миллиард инвестиция туралы айттым, бірақ іс жүзінде бізде Қазақстан экономикасына 17 миллиард доллар инвестиция құйылған. Сауда айналымы өсуде, оны өзіңіз айттыңыз. Былтыр 25 миллиард доллар, ал қазір алғашқы үш айда 12-ден асты. Сондықтан жағдай осылай жалғаса берсе, біз рекордтық көрсеткішке қол жеткіземіз. Биыл біз 30 жылды тойлап жатырмыз, яғни, дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған жылдар. Бізді әлі де аймақтық форум күтіп тұр. Жалпы, үкіметтер өте белсенді жұмыс істеп жатыр», — деді Владимир Владимирович Путин.

 

Роза ДӘУЛЕТХАНҚЫЗЫ