Қазақстан мен Ресей балаларды Сириядан қайтару бойынша тәжірибе алмасып жатыр
Қысқа сілтеме алу
Ресей халықаралық әскери қақтығыс аймақтарынан азаматтарды қайтару мәселесі бойынша Өзбекстанға да кеңес бермек
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Баспасөз мәслихатында қазақстандық журналист Ресей сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Сергей Лавровтан Сирия және Ирактан әйелдер мен балаларды қайтару бойынша Қазақстан әрекетін бағалауды сұрады.
«Мен бұны азаматтар алдында өз міндеттерін орындау үшін кез келген егемен мемлекет қабылдауға құқылы әрекет ретінде бағалаймын. Біз де осындай мәселелермен айналысамыз. Бізде өзіміздің әскери қызметкерлеріміз, арнайы қызметтеріміз, бала құқығы жөніндегі өкіліміз балаларды Ирак пен Сириядан қайтарумен айналысады. Біз қазақстандық әріптестерімізбен тәжірибе алмастық», — деп жауап берді Лавров.
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы өз азаматтарына қатысты осындай іс-қимылды Өзбекстан да қолға ала бастағанын айтты.
«Содырлар — бұл жеке мәселе. Бірақ әйелдер мен балаларға келсек, әйелдердің көбі алданып, өз еркімен келмеген. Ал балалар мүлдем кінәлі емес. Олардың қалыпты ортаға қайтырылып, лаңкестердің радикалды идеяларының ықпалынан тыс жерде дұрыс адам болып өскенін қалаймыз», — деді Сергей Лавров.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылы Сирия мен Ирактан 277 ересек және 547 бала қайтарылған екен.
sputniknews.kz