Қазақстан мен Ресей әртістері халықаралық жобаға қатысады

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Композитор Петр Чайковскийдің туындыларын сүйіп тыңдайтындар онлайн-режимінде концерт көре алады. Концерттік бағдарламаға қазақстандық және ресейлік әртістер қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Белгілі композитордың шығармашылығына арналған халықаралық жоба 7 мамырда басталады. Жобаға Қазақстан мен Ресей әртістер қатысады. Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған концерт онлайн режимде өтеді. 

«Чайковский. Online» халықаралық жобасы аясында «Астана Опера» театрының әртістері өнер көрсетеді. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі, Қазақстандағы Ресейдегі елшілігінің мен «Русское исполнительское искусство» қоры қолдау көрсетеді.

предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане

Скрипач Максим Венгеров

Орыс романстарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опералық әнші, баритон Азамат Жылтыркөзов орындайды.

«Биыл Петр Чайковскийдің 180 жылдық мерейтойы. Біз әріптестерімізбен бірге осы датаны атап өтуден тыс қалмадық. Мен концертте ұлы композитордың он романсын орындаймын. Тыңдарман «Растворил я окно», «То было раннею весной», «Благословляю вас, леса», «Нам звезды кроткие сияли» романстарын тыңдай алады», — деді әртіс.

Жобаға қатысушылар арасында «Астана Опера» опера труппасының бас концертмейстері, пианист  Елена Сахно, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, профессор Валерий Ворона, скрипкашы, дирижер, «Грэмми» премиясының екі мәрте лауреаты Максим Венгеров, Ресейдің халық әртісі, пианист, профессор Владимир Овчинников, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, виолончелші Борис Андрианов қатысады.

предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Борис Андрианов

Концерт бағдарламадан бөлек, театрдың репертуары 2019 жылы «Евгений Онегин» операсы енген.



sputniknews.kz