Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толды

0

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау хат жолдады.

«Соңғы онжылдықтарда екі мемлекет те достық пен тату көршіліктің берік байланыстарына, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген стратегиялық серіктестіктің шынайы одақтастық қатынастарын құрды. Үлгілі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының заманауи келбеті сіздің Ресей мемлекетінің басшысы ретіндегі зор жеке үлесіңіздің арқасында мүмкін болды. Ресей-Қазақстанның сенімді сауда-экономикалық серіктесі, еліміздің экономикасына жетекші инвесторлардың бірі. Түрлі салаларда ірі бірлескен жобаларды табысты іске асыру өңіраралық диалогты кеңейтуге және жан-жақты кооперацияны тереңдетуге ықпал етеді. Қазақстан мен Ресей көпжақты алаңдарда, сондай – ақ Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды, бұл мемлекеттердің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келеді», — делінген құттықтауда.

Дереккөз: Akorda.kz
Фото:  E-cis.info