Қазақстан мен Ресей арасында мектеп пен университет ашылуы мүмкін

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Владимир Путиннің айтуынша, 30 мыңнан астам қазақстандық студент Ресейдің жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен білім алуда

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша — Sputnik. Қазақстанда ресейлік-қазақстандық мектеп пен университет ашу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлім етті.

Оның айтуынша, ресейлік тарап Қазақстанға орыс тілі мұғалімдерін дайындауға көмектесіп жүр.

«Қазіргі таңда Қазақстанда ресейлік-қазақстандық мектеп пен университет ашу мәселесі пысықталып жатыр», — деді Владимир Путин Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Ресей президенті Қазақстан пен Ресей гуманитарлық салада, білім беру, кадрларды даярлау саласында тығыз байланыс орнатқанын атап өтті.

Путин туризм саласында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобаларын ашуды ұсынды

«Ресейдің жоғары оқу орындарында шамамен 74 мыңнан астам Қазақстан азаматы білім алып жатыр. Оның 30 мыңы мемлекет есебінен білімін шыңдауда. Олардың басым бөлігі Поволжье, Сібір, Орал өңірлеріндегі институтта оқып, жоғары деңгейде біліктілікке ие болады. Қостанайда бұрыннан Челябинск мемлекеттік университетінің филиалы жемісті еңбек етіп келеді», — деп атап өтті мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумының тақырыбы – «Шекара маңындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері».



sputniknews.kz