Қазақстан мен Өзбекстан тараптары терроризммен күресте ынтымақтастықты талқылады

0
88
12 Желтоқсан 2018, 12:35 191 0

Астана, BAQ.KZ. Алматы қаласында Қазақстан мен Өзбекстан ішкі істер министрліктері Үйлестіру тобының бірінші отырысы өткізіліп, оған екі елдің ішкі істер министрлерінің бірінші орынбасарлары төрағалық етті.

Үйлестіру тобының жұмысына Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов пен Өзбекстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Даврон Назармұхамедов, сондай-ақ екі елдің ІІМ орталық аппараты қызметтерінің басшылары қатысты.

Отырыс барысында трансшекаралық қылмыс, сондай-ақ экстремизм және терроризммен күресте екі елдің ішкі істер органдары ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Жиын қорытындысында бірлескен ұйымдастыру және практикалық шараларды қарастыратын министрліктер Үйлестіру тобы отырысының хаттамасына қол қойылды.

Министрлердің орынбасарлары, сонымен бірге есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прескурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының жұмысымен танысып, оның басшыларымен кездесті.

Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын келесі жылы Өзбекстанда өткізу жоспарланды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ