Қазақстан мен Өзбекстан бірыңғай виза енгізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр

0
97

Турдың бір күні 50-80 доллар болады. Біз соған ұмтыламыз. Әрине, әртүрлі турист бар, кейбіреуі 500 долларға дейін жаратуы мүмкін, ол әркімнің қалтасының қаншалықты қалың екеніне байланысты, – деді KazakhTourism басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Жобаны жүзеге асыру үшін туристердің ортақ маршруттарын әзірлеп, жолдарды қалпына келтіру қажет.

Мамандардың пікірінше, келіссөздер сәтті өткен жағдайда бұл бастаманы Қырғызстан мен Тәжікстан да қолдауы мүмкін. Осылайша шетел туристері Жібек жолымен еркін саяхаттап, аймақтағы төрт елге бара алады.