Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Қысқа сілтеме алу
Жаңа халықаралық рейс Қазақстан мен Моңғолия арасын байланыстырады
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. 3 маусымнан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр бағыты бойынша тікелей рейсті іске қосады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Халықаралық рейс туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Fly Arystan қызметін бастады: Роза Бағланова атындағы ұшақ Нұр-Сұлтанға қонды
«Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа халықаралық рейстің ашылуы саяси және сауда-экономикалық байланысты, туризмді дамытуға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға және екі елдің бизнес-құрылымдары арасындағы іскерлік байланысты тереңдетуге ықпал етеді», — деді Смадияров.
Енді қазақстандық балалар ел ішінде тегін ұша алады
Тұрақты рейстерді Boeing-737 ұшағы орындайды.
Әуе рейсі әр бейсенбі мен жексенбі күндері ұшады. Ұшу ұзақтығы бір бағытқа 3 сағатты құрайды.
sputniknews.kz