Қазақстан мен ХҚДБ арасындағы қарыз мәселесіне қатысты келісімхат ратификацияланды

2018 жылғы 27 желтоқсан 20:25 221

АСТАНА. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 8156-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Шығыс — Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы — Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz