Қазақстан мен Хорватия арасында салық жеңілдіктері туралы заң қабылданды

0
27 Желтоқсан 2018, 10:41 174 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат «ҚР Үкіметі мен Хорватия Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

«Келісім Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының модельдік конвенциясының негізінде жасалған. Осындай халықаралық шарттар шетелдік инвесторларға кепілдік беріп, салық салу құқығын екі мемлекет арасында әділ бөлісуге мүмкіндік береді. Келісім келесі мақсаттарды көздейді: біріншіден, алдағы уақытта салықтың барлық түрлері бойынша ақпарат алмасуды қалыптастырып, салық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту; екіншіден, резиденттікті дәлелдейтін, екі мемлекетте бірдей қолданылатын тәртіпті белгілеу; үшіншіден, дивидендтер, пайыздар, роялти сияқты пассивті табыстарға шекті ставкаларды бекіту; төртіншіден, екі елдің құзыретті органдарының арасындағы салықтық дауларды шешу үшін құқықтық негіз қалыптастыру», — деді заң жобасын таныстырған Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Министрдің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы соңғы 10 жылда (2008-2018 жж.) 1,4 млрд долларды құраған. Қазақстандық экспорттың негізгі бағыты мұнай өнімдері, аллюминий болса, импорт құрылымында фармацевтік өнімдер, косметикалық заттар мен тоқыма өнімдері басымдыққа ие.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ