Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы рейстердің қайта басталуы 1 шілдеден кейін қаралады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы рейстерді қалпына келтіру мәселесі 1 шілдеден кейін қаралады. Бұл туралы азаматтық авиация комитетінде хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аэропорт

«Әзірбайжандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Әзірбайжан тарабы халықаралық рейстерге тыйым салуды 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартты. Осыған байланысты Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тікелей рейстерді қалпына келтіру осы күннен кейін қаралады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев алғашқы кезеңде олар Қытаймен, Оңтүстік Кореямен және Әзірбайжанмен халықаралық рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Екінші кезеңде — Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Таиланд және Чехия.
 

stan.kz