Қазақстан медиасының шағын шежіресі

0

Материалдың демеушісі – Kcell. “Кселл” АҚ – ұялы байланыс, қысқа хабарламаларды жолдау, мультимедиалық хабарлама алмасу, дерек тарату, интернетке қосылу қызметтерін ұсынатын компания.

1991-1995

Жергілікті брендтер мен сөз бостандығы дәуірі

Фото ашық дереккөзден

90-жылдар – Қазақстандағы медиакеңістіктің толық өзгерген уақыты. Қазақстан кеңестік билік қағидаларымен жеке, соның ішінде медиа бизнесін қарқынды дамыта отырып, ашық әрі демократиялық мемлекет саясатын жүргізе бастады.

Сол жылдары ең алғашқы шағын медиабрендтер: “31 арна”, “Таң”, “КТК” телеарналары, “Егемен Қазақстан”, “Время”, “Караван” газеттері, “Шахар FM”, NS радиолары мен “Тотем”, “М” телерадиокомпаниялары пайда болды. 1991 жылы барлығы 118 жаңа басылым мен 17 телерадиокомпания жұмысын бастады.

Кеңес Одағынан қалған ықпал әлі де байқалды: жаңа басылымдарда мемлекеттік БАҚ-тан шыққан журналистер жұмыс істеді, нарықтағы бәсеке мен журналист этикасы ұғымдары болмады, хабар тарату жабдықтары ескі, кадр дайындау нашар болды. Адамдардың өзі КСРО кезіндегі дағды бойынша ресейлік және посткеңестік БАҚ-ты көбірек оқып-тыңдады.

Фото ашық дереккөзден

Медианың дамуына музыкалық және жастар редакцияларынан шыққан журналистердің жаңа толқыны түрткі болды. Олар телевизияда да, радиохабар таратуда да көпшілікке арналған тартымды, көбіне ойын-сауық бағытындағы контент жасай бастады.

90-жылдардағы негізгі ақпараттық күн тәртібі еліміздегі ірі саяси және экономикалық оқиғалар болды: Конституция мен заңдардың қабылдануы, парламенттің тарауы, ұлттық валютаның пайда болуы және тағы басқа. Осы себепті сол кезеңдегі әрбір медиабасылым саясатқа бағытталған журналистикаға басымдық берді.

1996-2000

Шынайылықпен бетпе-бет

Фото ашық дереккөзден

1996 жылы бұрынғы Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев ұйымдастырған телерадиожиіліктерге арналған бірінші тендер өткен кезде медиа алғашқы проблемаларға кезікті. Тендердің нәтижесі бойынша 38 тәуелсіз телерадиокомпания жабылуға мәжбүр болды. Олардың ішінде сол кездегі танымал “М” және “Тотем” телеарналары да бар еді.

90-жылдардағы экономикалық дағдарыс медианы да айналып өтпеді. Қаржының жетіспеуі сапалы кадрлардың жойылуына әкеліп соқты, редакциялардың көбі журналистердің жаңа толқынынан айырылды. Жастар журналистикаға араласқысы келмеді, өйткені онда ақша табу мүмкін емес болды.

1997 жылы жарнама нарығы тұрақтанып, дами түсті де, кейін бұл медиакомпаниялар үшін негізгі табыс көзінің бірі болды.

2001-2006

Саясат басты назарда

Фото ашық дереккөзден

Саяси плюрализм мен көппартиялық жүйе тағы да қоғамның назарында болып, жұртшылық арасында да, медиакеңістікте де талқыға салынатын жаңа тақырыптар туғызды.

2000 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда “Ақ жол”, “Асар”, “Қазақстан Коммунистік партиясы” және тағы басқалар сияқты 10-нан астам саяси партия тіркелді. Саяси бәсеке, саяси аренадағы жарқын кейіпкерлер, оқиғалар мен шайқастар ақпараттық және аналитикалық бағдарламалардың, ток-шоулар мен баспасөздің жаңа күн тәртібіне айналды.

Фото ашық дереккөзден

Мысалы, 2002 жылдан 2006 жылға дейін “КТК” телеарнасында өткір саяси тақырыптар ашылған ресейлік бағдарлама франшизасы – “Куклы” сатиралық бағдарламасы шығып тұрды. Қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие болған “Сводоба слова”, “Республика”, “Трибуна” сияқты алғашқы оппозициялық басылымдар да осы кезде пайда бола бастады.

Бұл кезеңде Қазақстанда елдің саяси-экономикалық дамуынан ақпарат таратуға белсенді қатысқан барлығы 2000-ға жуық БАҚ жұмыс істеді.

2007-2010

Өзін-өзі бақылау дәуірі

2007 жылы саяси аренада бәсеке болмай, осы бағыттағы журналистика да құлдырай бастады. Содан кейін медиакомпаниялар әлеуметтік, отбасылық, пайдалы және тұтынушылық журналистикаға қарай ауысып, жаңа тақырып табуға тырысты.

Фото ашық дереккөзден

Осы кезеңде қазақстандық өнеркәсіптің негізгі активі – мұнай қымбаттай бастады. Индустрияны дамытуға белсенді инвестиция сала бастаған инвесторлар мен индустрия магнаттары тарапынан медиаға қызығушылық та артты. Сайып келгенде БАҚ мемлекет пен құрылтайшыларға тәуелді бола бастап, әуелі цензураның, кейін өзін-өзі цензуралаудың жоғары деңгейіне жетті.

Бұл кезең, әсіресе, баспасөз үшін қиын уақыт болды. Екінші экономикалық дағдарыс және интернеттің таралуы нарықтың жаңа ережелерін белгілей бастады да, бірте-бірте басылып шығатын ақпарат құралдарының ықпалын әлсіретті.

2010-2018

Кликбейт пен бета-журналистика дәуірі

Интернеттің кең таралуы онлайн медианың қарқын алуына ықпал етіп, жаңа трендке айналды.

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан үшін жаңа бағыттағы пионер “Центр Тяжести” ұлттық форумы болды. Ол 2000 жылдардың ортасында ашылып, 2010 жылға қарай жаппай танымал бола түсті. Сол кезде ең алғашқы ақпараттық интернет порталдар мен блогтар пайда бола бастады: Zakon.kz, Nur.kz, Yvision, Namba және Tengrinews.kz.

Онлайн медиа заманауи журналистиканың айнасына айналды. Осы себепті біраз дәстүрлі медиа желіде өз сайттарын аша бастады.

Жергілікті онлайн медиа батыстың бұқаралық ақпарат құралдарындағы трендтерге ілесе отырып, материалдың мазмұнына сәйкес келе бермейтін немесе оның мәнін бұрмалайтын “айқайлаған атаулар” – кликбейтті қолдануды тәжірибеге енгізе бастады. Кликбейт қазір де сәтті қолданылып жүр.

Фото ашық дереккөзден

Онлайн медианың дамуымен бірге әлеуметтік желілер де дами бастады. Facebook-тің орысшалануының арқасында блог қолданушылар өзін-өзі танытудың жаңа түрі – бета-журналистиканы қолдана отырып, әлеуметтік желілерге ауысты. Онда адамдар контентті өз бетімен түрлендіріп жариялайды, өзгелердің материалын толықтырады. Осылайша блогерлер, бренд-амбассадорлар, инфлюенсерлер, басқа да қарапайым адамдар медианың жаңа бәсекелестеріне айналды.

2015 жылғы девальвация Қазақстан медианарығына ерекше әсер етті: жекеменшік медиакомпаниялардың қаржылық көрсеткіштері төмендеді, ал сапалы мамандар PR-коммуникациялардың анағұрлым тұрақты индустриясына және жеке секторға ауыса бастады.

Фото ашық дереккөзден

Қазіргі медиакеңістікте ойын-сауық, ақпараттық және коммерциялық жобалар көп. Қазақстанда оппозициялық басылымдар қалмады десек те болады. Көптеген сайттың бұғатталуы үлкен мәселе күйінде қалып отыр. Media Sustainability Index мәліметі бойынша Қазақстанда 2016 жылдың өзінде үкіметке қарсы контенті бар 31 000 сайт бұғатталған. Сот шешімі бойынша соңғы екі жылда елімізде Ratel.kz сайты мен “Саяси қалам.Трибуна” оппозициялық газеті жабылды.

Қазір елімізде 5 000 медиакомпания тіркелген, оның 80%-ы – жеке компания. Интернеттің қарқынды дамуы мен таралуына қарамастан (бүгінде Қазақстанның 10 миллионнан астам халқы бүкәлемдік желіге қосылған) телевизия Қазақстанда әлі де болса танымал әрі ең көп тұтынылатын БАҚ болып отыр. Баспа басылымдардың жойылып кету қаупі төніп тұр, газеттер мен журналдарды сататын дүңгіршектердің азаюы бұл процесті жеделдетіп отыр.

Бүгінде мемлекет мемлекеттік тапсырыс арқылы медиа саласының басты инвесторы болып отыр. Бұл БАҚ-тың бәсекеге қабілеті мен оның бизнес ретінде дамуын төмендетеді.

Дереккөз:

  • БАҚ сарапшысы Ержан Сүлейменовпен сұхбат
  • Media Sustainability Index Eurasia-2018
  • Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің статистикасы
  • BISAM Central Asia-2003 медиазерттеулері

Mobi press

Mobi press-тегі мақалалар ұялы құрылғыларға бейімделіп орналастырылған. Онда журналдарды интернетке қосылмай-ақ мобильді құрылғыдан жүктеп, офлайн оқуға болады. Сервис түйін сөздер мен тақырып бойынша мақалаларды іздеуге ыңғайлы. Журналдың қажетті беттерін белгілеп, іздеу тарихын сақтап қоюға да болады.

Сервисті Kcell және activ абоненттері тәулігіне бар болғаны 30 теңгеге шексіз қолдана алады. Алғашқы үш күн бойы қызметті тегін пайдалана аласыз. Қызметтерді мына жерден көруге болады.

Mobi press қызметіне қосылу амалдары:

  • www.mobipress.kz сайты арқылы,
  • mobipress мобильдік қосымшасы арқылы,
  • *770# –  USSD пәрменін теру арқылы. Мобильдік қосымшаны ашып, Kcell немесе activ абоненттік номерін жазып, жіберілген кодты енгізу арқылы тіркелу қажет.
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz