Қазақстан – мәдени мұрасы бай ел

0
203

Сондықтан бұл құндылықтар өз деңгейінде жалпыхалықтық қазынаға айнала алмай отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласында қазіргі заманғы медиа саласының мүмкіндіктері арқылы ел тарихын, халықтың өткен жолындағы ірі тарихи оқиғаларды, қол жеткізілген жетістіктерді ел жадында жаңғыртуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев – өз ұлтының нағыз көшбасшысы. Н.Назарбаев өзінің өлшеусіз еңбегінің арқасында Қазақстан халқының тарихи ұлы тұлғасына айналды. Сондай-ақ ел Президенті қазақтардың тарихи мұрасын жаңғырту, қоғамдық сананы көтеру бағытындағы «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қамтылған «Архив-2025» сияқты бастамалары арқылы да өзін бүгінгі қазақ қоғамын ілгерілетуші тарихи тұлға ретінде көрсете білді.

Қазақстан өзіндік тарихи жолын және ұлттық мемлекет құрудың өзіндік үлгісін ұстану нәтижесінде күшті және беделді мемлекет ретінде қалыптасты. Қазақстан бүгінгі жеткен жетістіктерін әрі қарай жалғастыра түсуді көздейді. Сондықтан бұл орайда Қазақстанға өзінің тарихын терең зерттеп, зерделеу, өткен шақтың елеусіз қалған тұстарын, сондай-ақ ірі тұлғалардың есімдерін жаңғырту аса маңызды. Бұл мәселеде мұрағаттық материалдарды мұқият зерделеу тарихтың көмескі тартқан, тасада қалған, даналық пен батырлықты паш етер беттерін шынайы түрде жарыққа шығаруға, бұрмаланған деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Тағы бір айта кетер жайт, Н.Назар­баевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында елді дамытудың перспективасы көрсетілген. Қазақстанда тек ұлы өткен шақ емес, ұлы да жарқын болашақ бар. Қазақстан жаңғыртылған Ұлы Жі­бек жолының көлік-логистикалық бөлігі ғана болып қала алмайды. Ол түркі әлемінің лидері, кең ауқымда айтқанда Ұлы даланың көшбасшысы болуы тиіс.

Бүгінде Қазақстанды әлем таниды. Оның беделін бүкіл әлем мойындайды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдегі абыройын көтеру мақсатында көптеген жұмыс атқарды. Енді алдағы уақытта Қазақстанды жаһанға таныта түсу ісіне барша қазақстандықтар жұмыла атсалысуы тиіс. Бұл өзінің жоғары деңгейдегі нәтижесін көрсетпей қоймайды.

Ахмад ВАХШИТЕХ,

Ресей Халықтар достығы университетінің аспиранты, 

«Russia Viewer» газетінің бас редакторы (Иран)