Қазақстан коронавирусқа шалдығудың шыңына тақады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Медициналық ұйымдар эпидемияға қарсы күшейтілген режимге көшеді. Кез келген ауруханада әр пациентке вирус жұқтыруы мүмкін адам ретінде қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстан індетке шалдығудың шыңына жететін кезеңге ауысты. Елде азаматтарды толық скринингтен өткізу басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Эпидемиологиялық ахуал бойынша біз ауруға шалдығудың шыңына жететін кезеңге ауысып жатырмыз. Қазір вирус жұқтыру деңгейі 100 мың халыққа шаққанда 7 адамды құрайды. Осыған байланысты, карантиннен бөлек, азаматтарды, әсіресе, елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған адамдарды толық скринингтен өткізу басталады», – деді Ақтаева онлайн брифингте. 

Ол тестілеу 10 сәуірде басталғанын және 20 сәуірге дейін жалғасатынын атап өтті. Қазір тестілеу 18 зертханада жүргізіледі, олардың қуаты – тәулігіне алты мың тест. Ақтаева жаппай тестілеу өзге елдердің тәжірибесі негізінде жүргізілуі керек екенін айтты.

«Бұл үшін үш жылжымалы, төрт стационарлық зертхана ұйымдастырылған. Сонымен қатар, елорда мен Алматыда «Олимп» зертханаларын іске қосу жоспарланып отыр», – деді вице-министр. 

Бұдан бөлек, ол медициналық ұйымдар эпидемияға қарсы күшейтілген режимге көшетінін жеткізді. Айтуынша, кез келген ауруханада әр пациентке вирус жұқтыруы мүмкін адам ретінде қарау керек. Осыған байланысты персонал көмек көрсету кезінде міндетті түрде жеке қорғаныс заттарын пайдаланады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз