Қазақстан коронавирусқа қолайсыз мемлекеттердің тізімін жаңартты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан коронавирусқа қолайсыз мемлекеттердің тізімін өзгертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр Біртанов донор ретінде ағзасын беруге дайын екенін айтты

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. 

«Бүгіннен бастап бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына күшіне еніп отыр. Бұл жаңа қаулы бойынша бірнеше мемлекет тізімге қосылды пен санитарлық режім күшейтілді.

1а санатына бүкіл азаматтар карантинге жатқызылуы тиіс мемлекеттерге – Франция, Иран, Италия, Испания және Германия мемлекеті кіретін болады.

Ал 1б санатына Қытай, Корея, бүкіл Шенген аймақтағы мемлекеттер міндетті түрде үй карантиніне жатқызылады.

Бұрын қабылданған шешім бойынша 1а және 1б санатындағы мемлекеттерден шетел азаматтарына Қазақстанға кіру тыйым салынған», — деді Елжан Біртанов.

Министр сөзшінше, екінші санатқа мына мемлекеттер кірген: Филиппин, Катар, Үндістан, Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Әзербайжан, Тайланд және АҚШ. Аталған мемлекеттерден оралған азаматтар медициналық мониторингіге алынатынын жеткізді.

«Осы қаулы бойынша еліміздегі бүкіл медициналық және әлеуметтік ұйымдарда, интернаттарда карантин басталады. Карантин бойынша бұл мекемелерге сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі. Одан бөлек санитарлық дезинфекциялық режім күшейтіледі. Сонымен бірге медициналық мекемелерде фото, аудио түсіруге қатаң тыйым салынады», — деп қосты министр.

Еске салайық, бұған дейін елімізде коронавирусқа шалдыққандардың саны екі есе артқаны жайлы айтылған еді. 

 

stan.kz