Қазақстан коронавирусқа байланысты 1,7 триллион теңгелік кірістен айырылады – қаржы министрлігі – Қазақстан жаңалықтары

0
15

ҚР қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанның мемлекеттік бюджеті коронавирустың салдарынан 1,7 триллион теңгелік кірістен айырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шолпанқұлов

«Қазақстандықтарға қаржылай көмек көрсету мемлекет бюджетінен жүзеге асырылады. 532,8 миллиард теңге ел бюджетінен бөлінеді. Ұлттық қордан тағы екі триллион бөліну жоспарнауда. Осыған байланысты Қазақстан 1,7 триллион теңгелік кірістен айырылады деп есептеп отырмыз», -деді министр орынбасары.

Сондай-ақ ол елдегі коронавирус ахуалына байланысты дағдарысқа қанша ақша бөлінетіндігін айтып кетті.

«Жалпы алғанда 5,9 триллион теңге бар. Бұл дағдарысқа қарсы шаралардың топтамасы, жергілікті қолдау мен салық преференцияларын қоспағанның өзінде. Аталған соманың 3,5 триллион теңгесі мемлекеттік бюджет есебінен, ал қалған 2,5 триллионы бюджеттік емес қаржы көздерінен жүзеге асырылады», – деді Шолпанқұлов.


42500 теңге алу үшін карталық шоттар қолданылуы мүмкін

stan.kz