Қазақстан коммунистерінің көшбасшысы Айқын Қоңыровтың өмірбаяны
Айқын Ойратұлы Қоңыров 1972 жылы 28 қарашада Көкшетау облысы Куйбышев қала типтес ауылында дүниеге келді. Қазақ. Үйленген, екі баласы бар.
Білімі
Екі ЖОО-нын бітірген. 1998 жылы Көкшетау мемлекеттік университетін «орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдады. Кейін Қарағандының «Фемида» заң академиясына оқуға түсіп, 2006 жылы заңгер-құқықтанушы дипломын иеленді.
Еңбек жолы
1989 жылы орта мектепті бітірген соң Айқын Қоңыров еңбек жолын Куйбышев ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының автобазасында слесарь болып бастады.
2004-2011 жылдары кәсіпкерлікпен белсенді айналысып, «Московский комсомолец в Казахстане» газетін шығаруға жауапты «News Print» ЖШС басқарды.
2004 жылы Қазақстанның Коммунистік Халық партиясын құру бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамына енді.
2005-2006 жылдары Алматының қалалық комитетінің екінші хатшысы болып тағайындалды. Партия тіркелгеннен бастап қазірге дейін – Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы Орталық комитеті аппаратының басшысы. 2008 жылы – ҚКХП ОК бюросының мүшесі.
Сайланған лауазымдары
ҚР парламент мәжілісінің сайлауы кезінде ҚКХП атынан 2004 және 2007 жылдары депутаттыққа үміткер болды. 2007 және 2011 жылдары ҚКХП республикалық сайлау алды штабы басшының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012 жылы Қазақстан Республикасы парламент мәжілісінің V шақырылымдағы депутаты атанды. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды.
2016 жылы – Қазақстан Республиканың парламенті мәжілісінің VI шақырылымдағы депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.
sputniknews.kz