Қазақстан көмекке келді – видео

0
41

Ресей полигондарында жеті елдің 130 мыңға жуық әскери қызметшісі қатысып жатқан ірі стратегиялық «Центр-2019» оқу-жаттығулары басталды

Оқу-жаттығудың аңызы бойынша, террористер Каспий маңындағы Ресей шекарасына жақын жерде өзін-өзі жариялаған республика құрды. Экстремистермен күресуге жүз мыңнан астам әскери және 20 мың дана техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуларға Ресей әскерилерімен қатар Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Пәкістан әскери қызметшілері де қатысуда.

Оқу-жаттығулары аясында «Искандер-М» жедел тактикалық зымыран кешендерінің топтары Свердлов облысынан Қазақстанда орналасқан «Сарышаған» полигонына ауыстырылды.

Сондай-ақ, қазақстандық әскерилер Каспий теңізінде жаттығу өткізуде – Қазақстан тарапынан «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемелері жұмылдырылды.



sputniknews.kz