Қазақстан хоккей құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

0

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2020 жылы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатында Ресей, Финляндия, АҚШ, Латвия, Норвегия және Италиямен В тобында ойнайды.

А тобына Канада, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь және Ұлыбритания түсті.

Қазақстанның қарсыласы Финляндия биыл Словакиядағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Бұл құрама финалда Канаданы 3:1 есебімен жеңді. Ал Қазақстанның тағы бір қарсыласы Ресей биылғы әлем чемпионатында қола медаль алды.

Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатында бірінші дивизионда ойнаған. Нұр-сұлтанда өткен бірінші дивизион турнирінде Қазақстан жеңімпаз атанып, 2020 жылы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатының элиталы дивизонына жолдама алған. Келер жылғы әлем чемпионатында өз тобында соңғы орын алған құрама элиталы дивизионнан бірінші дивизионға түседі.

2020 жылғы әлем чемпионаты 5-18 мамыр аралығында Швейцарияның Лозанна және Цюрих қаласында өтеді.

Azattyq