Қазақстан халқының саны бір айда 21 436 адамға көбейді

0

Еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлерінің үштігіне Алматы, Түркістан және Алматы облыстары енді, деп хабарлайды Kznews.kz. 

Ұлттық статистика бюросы 1 маусымда Қазақстанда 20 139 914 адам тұратынын хабарлады.

Елдегі ең көп қоныстанған 5 аймақтың қатарына мыналар кірді:

  • Алматы (2 253 502 адам);
  • Түркістан облысы (2 149 210 адам);
  • Алматы облысы (1 543 588 адам);
  • Астана (1 464 415 адам);
  • Шымкент (1 236 901 адам).

Миллиондаған халқы бар өңірлер тізіміне Жамбыл және Қарағанды облыстары да кіреді. Қазақстандықтардың басым бөлігі қала тұрғындары — 12 552 583 адам.

1 ай бұрын Қазақстанда халық саны 20 033 842 адам болған.