«Қазақстан халқына» қорына жалынбай, талап етуіміз керек — Қазыбек Иса

0

«Қазақстан халқына» қорына жалынбай, талап етуіміз керек. Бұл туралы белгілі ақын, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса «Адырна» арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

    • Кейінгі кезде мен бұл мәселені көтеріп жүрмін. Офшордан шетке 167 миллиард доллар шыққан. Бұл мәселемен біз Швейцарияға да бардық. Халықтың жағдайы қиын қазір. Ақшасы жоқ, ал ана жақтағы миллиартаған ақша халықтікі. Қанша қазба байлықтар мен кен орындарын өзге ұлттар мен өз ұлтымыздың адамдары «шөптің басын сындырмай» иеленіп алған. Соның 80% халыққа қайтарсын…

— Билік 30 жыл бойы өзінің арқа сүйейтін ұлтын екінші сортты жасап келді. Енді қазақ халқы мен тілі 30 жылдан соң екінші сортты болуға көнбейді. 30 жыл бойы алынбаған теңдігін талап етеді. Ол ең алдымен мемлекеттік тіл. Ұлттық идеология мемлекеттік тілден басталады. Минаның бетін жапқанмен іс бітпейді, оны залалсыздандыру керек. Дулат Исабеков «енді қаңтар оқиғасы болса мемлекеттік тіл үшін болады»  деп еді. Сондықтан да, осының алдын алу керек. Мен қауіп еткеннен, жанашырлықпен айтып отырмын мұны, — деді депутат.

Сұхбаттың толық нұсқасы: