Қазақстан халқы Ассамблеясы: Назарбаев жаңа орынбасарларын тағайындады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Асылы Осман қазақ тілінің неге дамымай жатқанын айтты

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Назарбаев Ассамблея төрағасының екі орынбасарын тағайындады.

«Биыл Ассамблея кеңесі бұл лауазымдарға ҚХА мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының мүшесі, кәсіби медиатор Юсуп Келигов пен Нұр-Сұлтан қаласының «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Шерзод Пулатовты тағайындау туралы ұсыныс енгізді», — деді Назарбаев ҚХА сессиясында.

Назарбаев екі орынбасарының да белсенді әрі жемісті қызметімен көзге түскенін атап өтіп, Ассамблея оларды жақсы танитынын айтты.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы басталды

Айта кетсек, елордада Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXVII сессиясы басталды. Биылғы сессияның тақырыбы – «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру».

Сессия жұмысына ҚХА-ның 487 мүшесі қатысып отыр.



sputniknews.kz