Қазақстан футбол құрамасы Тәжікстанды жеңді

0

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Бүгінгі кездесуде құрамалар ойын басынан бір-бірінің осал тұбын табуға тырысты. Алғашқы минуттарда қонақтар шабуылға көбірек шықты. Десе де уақыт өте келе қазақстандық футболшылар тізгінді қолға алуға күш салды.

Нәтижесінде 12-минутта Бактиер Зайнутдинов тәжікстандық қақпашының қателігін тиімді пайдаланып кетті.

Екінші кезеңде құрамалар таблодағы есепті өзгертуге тырысты. Қос құрама ойыншылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ.

Кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті.

Олардың барлығы жолдастық кездесу болып табылады. Төрт кездесуде қазақстандық футболшылар басымдық танытса, бір ойында тең нәтиже тіркелді.