Қазақстан ерлер командасы Дубайда су добынан бірінші орын алды

0
Қазақстан ерлер командасы Дубайда су добынан бірінші орын алды


Ағымдағы жылдың 16-17 қарашасы күндері БАӘ астанасы Дубайда су добынан ерлер командасы арасында халықаралық турнир өтті. 

Аталған сында Қазақстан ұлттық құрамасы бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz. Жарысқа жалпы есебі 8 команда қатысты. Атап айтар болса, БАӘ-ден төрт команда, Иран, Ливан, Сауд Арабиясы және Қазақстан құрамалары бақ сынады. 

Қазақстан құрамасы сапында төмендегі ойыншылар жеңімпаз атанды: 

Шведов Александр, Горовой Сергей, Зимарин Анатолий, Аликеев Әнуар, Ташметов Арман, Муминов Дамир, Темірханов Дамир, Жолымбетов Азамат, Темірханов Әділ, Недоконцев Отарий, Белянков Александр, Мұсайбеков Сәкен, Хасенов Ерлан