Қазақстан елге келушілердің барлығына карантин жариялайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан елге келушілерге барлығына карантин жариялайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, әуе, теміржол және автокөлік жолаушылар тасымалына қосымша шектеулер енгізетін уақыт жетті.  

Шетелден, соның ішінде ЕАЭО елдерінен көліктің кез келген түрімен келетін барлық адамдар үшін карантин қамтамасыз етілуі керек.

Чартерлік рейстердің келуін бақылауды күшейту керек», — деді президент Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

stan.kz