Қазақстан ЕАЭО-да Қырғызстаннан ғана озып тұр

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Рейтинг көшбасшысы – Норвегия. Жалпы ұпай саны – 90,95. Одан кейін Дания және Швейцария келеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлем елдерінің әлеуметтік прогресс рейтингісі жарияланды, деп хабарлады Ranking.kz.

Рейтинг көшбасшысы – Норвегия. Жалпы ұпай саны – 90,95. Одан кейін Дания (90,09) және Швейцария (89,89) келеді. Ал алғашқы ондыққа Финляндия, Швеция, Исландия, Жаңа Зеландия, Германия, Канада және Жапония енді.

Қазақстан 149 елдің ішінде 69-шы орынға жайғасты. Ұпай саны – 68,2. Еуразиялық экономикалық одақ бойынша Қазақстан тек Қырғызстаннан (81-ші орын) озып кетті. Беларусь 48-ші, Армения — 59-шы, ал Ресей 62-ші орында тұр.

Негізгі көрсеткіштер

Рейтинг жасау кезінде әрбір елдің әлеуметтік прогресс саласындағы барлық жетістігі есепке алынды. Осы орайда, 50-ден астам көрсеткіш ескеріледі. Соның барлығы үш негізгі топқа енгізілген.

  1. Адамның негізгі қажеттіліктері — тамақтану, медициналық көмек, су, электр энергиясы мен санитарлық қызметтердің колжетімді болуы, баспанамен қамтамасыз ету және жеке қауіпсіздік деңгейі;
  2. Адамның аман-саулығына қажетті жағдайлар — базалық білім, ақпарат пен коммуникация құралдарының қолжетімді болуы, қоршаған орта сапасы, сауаттылық және денсаулық сақтау саласының деңгейі; 
  3. Адамның даму мүмкіндіктері — жеке және азаматтық бостандықтар деңгейі, адамның өз әлеуетін және шешім қабылдау бойынша негізгі құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Қазақстан әрбір топта қанша ұпай жинады

Рейтингте әрбір мемлекеттің жеке топтар бойынша жинаған ұпай саны мен алған орны көрсетілген. Қазақстан «адамның негізгі қажеттіліктері» тобында  85,39 ұпай жинап, 57-ші орыннан көрінді. Ал «адамның аман-саулығына қажетті жағдайлар» жасау жағынан 70,36 ұпаймен 68-ші орынға ие болды. Бұдан бөлек, «адамның даму мүмкіндіктерін» 48,84 ұпайға жасап, 87-ші орынға шықты.

Қазақстанның әлеуметтік салада жоғары баға алған көрсеткіштері:

  • Тамақтану мен базалық медициналық көмек – 94,93;
  • Базалық білімнің қолжетімді болуы – 94,73;
  • Су мен сантирия – 93,21;
  • Баспанамен қамту – 87,63;
  • Ақпарат және коммуникацияның қолжетімді болуы – 76,24.

Қазақстанның әлеуметтік салада төмен баға алған көрсеткіштері:

  • Инклюзивті жағдай жасау – 31,20;
  • Жоғары білімнің қолжетімді болуы – 46,23;
  • Қоршаған орта сапасы – 49,57;
  • Жеке құқықтар – 51,47;
  • Денсаулық пен аман-саулық – 60,89.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз