Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын елдердің ондығына енді


Йенадағы Фридрих Шиллер университетінің ғалымдары дұрыс тамақтанбау салдарынан болатын өлім-жітімі көп елдердің рейтингін жария етті. Бұл туралы Daily Mail жазды.
Басылымның хабарлауынша, ғалымдар әлем елдерінде 1990-2016 жылдар аралығында зерттеу жүргізген. Зерттеудің нәтижесінде “ТМД елдерінің халқы денсаулыққа қауіп төндіретін тамақ жейді” деген қорытынды жасалып отыр.
“Қауіпті тағам” тұтынатын елдердің алғашқы ондығын ғалымдар былайша түзген:
- Өзбекстан (дұрыс тамақтанбау салдарынан 100 мың адамға шаққанда 394 адам қайтыс болған);
- Түрікменстан (дұрыс тамақтанбау салдарынан 376 кісі өлімі тіркелген);
- Қырғызстан (350 кісі өлімі);
- Украина (349 өлім);
- Молдова (328 өлім);
- Әзірбайжан (319 өлім);
- Беларусь (313 өлім);
- Тәжікстан (310 өлім);
- Қазақстан (306 өлім);
- Ресей (291 өлім).
Осы көрсеткіш бойынша халқы сапалы, пайдалы тамақ тұтынатын елдердің үздік ондығы да жасалған.
- Испания (43 өлім);
- Израиль (43 өлім);
- Франция (46);
- Нидерланды (52);
- Андорра (54);
- Дания (55);
- Бельгия (59);
- Швейцария (60);
- Норвегия (61);
- Италия (61).
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz