Қазақстан-Британ техникалық университеті оқу орнындағы өртке қатысты мәлімдеме жасады

0

Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) 12 қаңтарға қараған түні ЖОО ғимаратында болған өртке байланысты түсініктеме берді. Алдағы уақытта студенттерге сабақ кестесіне қатысты ақпарат жіберіледі. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚБТУ баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп оқиғаның себептеріне тергеу жүргізілуде.

«Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетін болады», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 11-12 қаңтар аралығында ҚБТУ ғимаратының 4-қабатында өрт шықты. Алматы ТЖД құтқарушылары өртті жедел оқшаулап, жойды. ҚБТУ мәліметтері бойынша зардап шеккендер жоқ.