Қазақстан бойынша дабылды ескерту жарияланды

0
17

Синоптиктер ауа райы болжамын бөлісті. Өңірлерде нөсер жауын мен дауыл болып, өзендердің суы тасуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Қазақстанның 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті Қазгидрометке сілтеме жасап.

Су тасқыны қаупі

Оңтүстіктегі таулы аймақтарда өзен су тасуы мүмкін.

«15 мамырда кей жерлерде жауын-шашын мөлшері көп жауғандықтан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аймақтарында өзен суы деңгейінен асады деген қауіп бар», – деді синоптиктер.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта Түркістан облысы мен Шымкентте болған су тасқынының салдары жойылып жатыр.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында жаңбыр жауады. Дауыл мен бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Кей жерде жылдамдығы 15-20, 23 м/с-ке жетеді.

«Астанада дауыл мен бұршақ болады. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 17-22 метр. Дабылды ескерту ықтималдылығы –  85-90%», – деді Қазгидромет.

Алматыда жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15 метр секундке дейін жетеді.

Алматы облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл, бұршақ болады. Желдің жылдамдығы кей уақытта 17-22 м/с.

Тағы оқыңыз: Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматының ауасы тазарды ма

Шымкент қаласы мен Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да дәл осындай ауа райы болжанып отыр.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау керек

Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарды дабылды ескерту туралы хабарламаға бейжай қарамауға шақырды.

«Дабылды ескерту кезінде желдің екпіні 15-20, тіпті 30 м/с-ке дейін жетеді. Қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін қолдануға шақырамыз. Шағын қалалар мен мегаполистердегі дауыл салдарынан тұрғындар зардап шегуі мүмкін», – деді төтенше жағдайлар қызметі.



sputniknews.kz