Қазақстан билігі Назарбаевтар отбасының шетелдік активтерін ала алады

0

Бұл туралы Сенатта ҚР Бас прокурорының орынбасары Ұлан Байжанов мәлімдеді.

Журналистер одан активтерді қалай алуға болатынын сұрады.

«Жеке өз басым бұл дүниені таратпауды жөн көремін. Заңда субъектілердің критерийлері өте нақты анықталған. Егер сіз атайтын  фамилия осы критерийлерге сәйкес келсе, онда бұл заң оларға қолданылады», — деді Байжанов.

фото: egemen.kz