Қазақстан билігі дүкендердегі азық-түлік бағаларын өз бақылауына алады

0
115

Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин қала әкімдеріне дүкендердегі бағаны бақылауға алуды тапсырды. Жыл басынан бері республикада тамақ шамамен 10% қымбаттады, деп хабарлайды MИР 24 тілшісі Гүлмира Жанзақова.

Жұмыртқа, сүт, нан және басқа да әлеуметтік маңызды өнімдер Павлодар, Түркістан және Ақтөбе облыстарында қымбаттады. Бағаның ең көп өсуі импортқа тәуелді қант пен қарақұмыққа қатысты. Дүкендердегі олардың бағасы 30 %-дан астамға өсті. Сауда министрлігінің хабарлауынша, өңірлердегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында олар әлеуметтік маңызды тауарларға баға шегін енгізді. Кейбір өнімдердің елден шығуына толықтай тыйым салынды.

«Аймақ әкімдері әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен тарифтердің бағаларын тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы керек. Бұл жұмыс үшін құралдар қол жетімді. Баға мәселелері үлкен әлеуметтік маңызға ие және үнемі бақылауда болуы керек», – деді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин. Бағалардың ең аз өсуі Нұр-Сұлтанда және республиканың бес облысында тіркелді.

P.S. Өте дұрыс. Бүкіл ел ең басты мереке – 16 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күні қарсаңында. Содан кейін екі аптадан кейін Тәуелсіз Қазақстан Жаңа 2021 жылды қарсы алады!

 

Керімсал Жұбатқанов