Қазақстан бауырластар зираттарының топырағы салынған капсулаларды Ресейге тапсырды

0

Эвакуациялау госпиталдерінде жарақаттан қаза болған жауынгерлер жерленген бауырластар зираттарының топырағы Петропавлда ресейліктерге салтанатты түрде табысталды

ПЕТРОПАВЛ, 26 қараша – Sputnik. Петропавлда Ұлы Отан соғысы кезінде Солтүстік Қазақстанның эвакуациялау госпиталдерінде қаза тапқан жауынгерлердің бауырластар зираттарының топырағы салынған капсулаларды Ресей өкілдеріне салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жарақаттан қаза болды

Тарихи құжаттардағы дерекке сәйкес, 1942 жылдың шілдесінен бастап Петропавлда екі эвакуациялау госпиталі жұмыс істей бастады, кейіннен Ростов-на-Дону қаласынан тағы бір аурухана жаңа орынға орналастырылды, ал Солтүстік Қазақстан облысында олардың саны бесеу болды. Бұл эвакуациялау госпиталдерінде 2 мыңнан астам сарбаз бен офицер емделді.


©
Sputnik / Елена Бережная

Госпиталдерде қаза болған жауынгерлер жерленген бауырластар зираттарының топырағы ресейліктерге салтанатты түрде табысталды

«Петропавлда үш аурухана жұмыс істеді, онда 63 дәрігер, оның ішінде бес медицина ғылымдарының кандидаты жараланған сарбаздарды емдеді. Бұл жерде тіпті өте күрделі операциялар жасалды. Өкінішке қарай, барлығының өмірін сақтап қала алмады – 447 сарбаз жарақаттан көз жұмды. Қаза болғандар Петропавлда қалалық бейіттегі бауырластар зираттарына құрметпен жерленді», — деп  атап өтті митингіде Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Ол Петропавл қаласының госпиталдерінде жарақаттан қаза болған жауынгерлердің бауырластар зиратының топырағы салынған жеті капсуланы Ресейдің Қазақстандағы елшілігі жанындағы қорғаныс мәселелері жөніндегі атташенің аға көмекшісі, полковник Петр Вагинге табыстады.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі жанындағы қорғаныс мәселелері жөніндегі атташенің аға көмекшісі, полковник Петр Вагин атап өткендей, қаза болған жауынгерлердің бауырластар зиратының топырағы «Дорога памяти» жобасы аясында жиналып жатыр.   

«Келесі жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтеді, оның аясында Ресейдің Қорғаныс министрлігі «Дорога памяти» жобасын жүзеге асыруда. Оның құрамдас бөліктерінің бірі Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің қабірлерінен топырақ жинау болып отыр», — деді Петр Вагин.

 Ол болашақта топырақ салынған капсулалар Мәскеу түбіндегі «Патриот» әскери-патриоттық саябағының аумағында салынып жатқан Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің басты храмына берілетінін айтты.


©
Sputnik / Елена Бережная

447 сарбаз жарақаттан көз жұмды

Саябақта Ұлы Отан соғысы батырларының аттары жазылып, портреттері салынған үлкен және заманауи ескерткіш орнатылады деп жоспарлануда. Айтпақшы, атасы немесе бабасы соғысқа қатысқан кез келген елдің тұрғыны жобаның сайтына кіріп, өз сарбазының фотосуретін жеке деректерімен бірге жүктей алады.  



sputniknews.kz