Қазақстан азық-түлік бағасын бақылаудың жаңа деңгейіне өтеді – Мамин

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Қазақстанның премьер-министрі халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қазіргі жүйесі тиімсіз екенін айтты  

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бағаны бақылаудың жаңа деңгейіне өтеді. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Өздеріңізге белгілі, нарықта, әсіресе, маусымаралық кезеңде бірқатар өнімнің бағасы өседі. Оның ішінде әлеуметтік маңызды азық-түлік те бар. Статистикаға сәйкес, 17 наурыз бен 7 сәуір аралығының өзінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы 4,2%-ке өскен. Нарық қатысушыларының кейбірі төтенше жағдайды пайдаланып жатыр», — деді премьер-министр үкімет отырысында.

Ол халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қазіргі жүйесі тиімсіз екенін айтты.

«Осы ретте біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бағаны бақылаудың жаңа деңгейіне өтеміз. Үкімет ұлттық тауар өткізу желісін, көтерме тарату орталықтары кешенін құру бойынша жүйелі шешім қабылдады», — деді үкімет басшысы.

Мамин азық-түлікті сақтау, сату және таратудың жаңа технологиясы жасалатынын атап өтті.

«Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жобасы 2022 жылға дейін үш кезеңде іске асырылады. Жиырма төрттен аса көтерме тарату орталығы салынады. Бұл 4,8 миллион тонна агроөнімді сақтауға, өңдеуге және таратуға мүмкіндік береді», — деді премьер.

Оқи отырыңыз: Министр Сұлтанов азық-түліктің неге қымбаттайтынын айтты

Айтуынша, өңірлерде заманауи көтерме тарату орталықтары болса,  маусымаралық кезеңде азық-түлік тапшылығы болмайды. Нарықта өнім жеткілікті болса, оның бағасы да өспейді.

Мамин әкімдіктерге көтерме тарату орталықтарына жер телімін бөліп, қажетті инфрақұрылымды жеткізуді тапсырды.



sputniknews.kz