Қазақстан азаматы Ресейдің жоғары лауазымды шенеунігіне шабуыл жасады деп айыпталды
Қысқа сілтеме алу
Сот отырысынан кейін Қазақстан консулы күдіктімен кездесті
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы басшысы Элла Памфиловаға шабуыл жасады деген Бақыт Қарабалаев Қазақстан тумасы екенін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
Жұма, 6 қыркүйекке қараған түні Элла Памфилованың Мәскеу түбіндегі үйіне тонаушы басып кірген. Ер адам әйелді бірнеше рет электрошокермен соғады. Жәбірленуші қарақшыға қарсылық көрсете алмаса керек.
Тағы оқыңыз: «Қызым жазықсыз»: Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Тоқаевтан көмек сұрады
«Соттан кейін Қарабалаевпен Қазақстан консулы кездесті. Ол ешқандай шағымы жоқ және аудармашының керек емес екенін жеткізді. Адвокаттың қызметімен қамтамасыз етілген», -деп атап өтті Смадияров.
Шабуыл жасады деген қазақстандық туралы не белгілі?
Бақыт Әжіғұлұлы Қарабалаев 1983 жылы туған. Ресейлік БАҚ анықтағандай, Қарабалаев Қазақстаннан Ресейге 5 жыл бұрын қоныс аударыпты. Ер адам «Лес и Река» коттедж ауылына жақын маңдағы орман ішіндегі үйде тұрады екен.
Тағы оқыңыз: Ресейлік полицейлер қазақстандық қызды зорлады деп айыпталды
Тоғызыншы қыркүйекте Басман сотында отырыс өтіп, Қарабалаевты 6 қарашаға дейін қамауға алу шешімі қабылданды. Оған қарсы РФ Қылмыстық кодексінің 162-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қарабалаев 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.
sputniknews.kz