Қазақстан азаматы “Что? Где? Когда?” бағдарламасынан 60 мың рубль ұтып алды
Астана, BAQ.KZ. Ресей телеарнасындағы «Что? Где? Когда?» бағдарламасының қатысушылары өскемендік Вадим Кушнаревтің сауалына дұрыс жауап бере алмады.
Ол 2 желтоқсанда тікелей эфирде «Ақын Роберт Рождественскийдің пікірінше, қандай жағдайда ғажайыптар – ғажайып, күйініш – күйініш, серт – серт, ұрыс – ұрыс болмайды?» деген сауал жолдаған. Бұл сауалға Алесь Мухин бастаған бағдарлама қатысушылары «үйде жалғыз болған жағдайда мүмкін болмайды. Себебі, жалғыз адам бұл сезімдерді ешкіммен бөлісе алмайды» деп жауап берді.
Алайда бұл қате жауап болды. Вадим Кушнаревтің айтыуынша, күнделікті ғажайыптар ғажайып емес, күндегі күйініш күйініш емес, күндегі серт серт емес, күндегі ұрыс ұрыс емес. Күнделікті нәрсе болғандықтан оларға назар да салмайсың, мән де бермейсің.
Ойын қортындысы бойынша, көрермендер 6:5 есебімен жеңіске жетіп, өскемендік тұрғын 60 мың рубль ұтып алды. Бұл туралы Қазцинк кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады altaynews.kz.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ