Қазақстан азаматтардың Ресейде болу мерзімінің тепе-теңдігін қалайды – Дариға Назарбаева

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дариға Назарбаева екі ел арасында азаматтар ағыны өте қарқынды жүріп жатқанын айтып, мәселені шешуге көмек сұрады  

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Ресейге сапары барысында екі ел азаматтарының өзара сапарлары мәселесінде тепе-теңдіктің жоқтығын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева Елбасы өзіне қандай бата бергенін айтты 

Оның пікірінше, Қазақстан мен Ресейге келетіндерге бірдей мүмкіндіктер жасау қажеттілігі туралы мәселе шешуді талап етеді.

«2014 жылдан бері бізде Қазақстан азаматтарының Ресейде және Ресей азаматтарының Қазақстанда болуына қатысты тепе-теңдік жоқ. Яғни виза режимінде Қазақстан азаматтары Ресей Федерациясында 90 күн тұра алады, содан кейін кетіп, келесі 90 күннен кейін ғана қайта келуге мүмкіндігі бар. Ал Ресей азаматтары Қазақстанға аумағына кіре отырып, 90 күн болады да, содан кейін елден кетіп, сол күні оралып, тағы 90 күн сонда тұрады», — деді Дариға Назарбаева Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесуде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселені ресейлік тарап қарастырып жатыр.

«Ресейге әр түрлі себептермен келетін азаматтардың ағыны өте қарқынды жүріп жатыр, мұнда бизнестен бастап білім беруге дейін түрлі қызметпен айналысқысы келеді. Біз сізден осы мәселені шешуге көмек сұраймыз», — деп атап өтті Дариға Назарбаева.

Қазақстан парламенті сенатының спикері Ресейге ресми сапармен барды. Сапар бағдарламасында Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев кездесу жоспарланған.



sputniknews.kz