Қазақстан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын 13-орында аяқтады

0
Қазақстан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын 13-орында аяқтады


Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты мәресіне жетті.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қазақстанның әйелдер құрамасы жарысты үшінші орында, ерлер жетінші орында аяқтады. Ал ұлттық құрамалардың жалпы есебінде Қазақстан 13-ші орынды місе тұтты.

Әлем чемпионатында бірінші орынды Қытай иеленді. 7 алтын, 8 күміс, 4 қола медальмен Қытай құрамасы өз қарсыластарынан едәуір озып кетті. Екінші орынға 3 «алтын», 3 «қоламен» Таиланд құрамасы тұрақтаса, үшінші орынды 2 алтын, 1 қола медальмен Иран түйіндеді.

Қазақстан қоржынына барлығы екі медаль түсті — бір күміс, бір қола. Күміс жүлдені 55 келіге дейінгі салмақтағы зілтемірші Арли Чонтей алып келді. Қола медальды 71 келіге дейінгі салмақта Надежда Лихачева алды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат