Қазақстан атынан шыққан кениялық қыз Еуропа жартылай марафонында рекорд орнатты — Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандық желаяқ Кэролайн Кипкируи Чехиядағы «Sportisimo Prague Half Marathon» беделді әйелдер арасындағы жартылай марафонын жеңіп, жаңа рекордын орнатты деп хабарлайды Stan.kz.
Sports.kz сайты хабарлағандай Кипкируи 21 километр 97,5 метр қашықтықты 1 сағат 05 минут 44 секундта бағындырды. 26 жыл бұрын Қазақстанның рекордын Наталья Сорокивская 1993 жылдың қаңтар айында Нидерландта өткен марафонда 1 сағат 12 минут және 55 секундта жүгіріп өткен еді.
Айта кетерлік қызық жайт, барлық жүлделі тұғырды әр елдің атынан шыққан кениялықтар иеленді. Күміс жүлдеге израильдік Лона Чемтай Корлима ие болды-1 сағат 06 минут және 13 секунд. Ал қола жүлдеге Кения ньери Матати қашықтықты 1 сағат 07 минут және 52 секунд аралығында жүгіріп өткен.
2018 жылы Кениядан келген 5 азаматша қазақстандық атанды. Олар:Шедрак Коэч (1999 жылы туған) жеңіл атлет, сондай-ақ үш қыз Нора Джеруто (1995 жылы туған), Каролин Қыпкируи (1994 жылы туған) және Дэзи Джэпкимэй (1996 жылы туған)
Естеріңізге саламыз, Кэролайн Кипкируи-Африка чемпионы және жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
stan.kz