«Қазақстан аруы-2024» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды

0

Алматыда «Қазақстан аруы-2024» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті. Биыл бұл атақты 22 жастағы өскемендік Бағым Балтабаева иеленді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жолы байқау мегаполистегі үлкен мейрамханалардың бірінде өтті.

Қыздарға әділ баға берушілер қатарына: Қазақстанның бірінші аруы Сәуле Рахмедова, балерина, былтырғы “Қазақстан аруы” Сабина Ыдырысова, дизайнер Айрат Надров, пластикалық хирург Ілияс Бейскенов, «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының директоры Айжан Рузаева және Қырғызстаннан келген дизайнер Арзубек Вонама кірді.

Фото: Stan.kz

Әділ қазылар қыздардың бойындағы тартымдылық пен қоса өздрін ұстап, көп алдында сөйлей алу қасиеттеріне де баға берді.

Биылғы байқаудың ұраны “The аrt оf being a Woman” («Әйел болу өнер») болды. Бұл Қазақстандағы сұлулық байқауы кез келген қызмет салаларындағы әйелдерді қамтитынын, мұнда қатысушылардың сыртқы келбетіне ғана баса назар аудармайтынын айғақтайды.

Фото: Stan.kz

“Қазақстан аруы” атағы үшін 20 үміткер бас сынасты. Конкурсқа барлығы екі мыңнан астам қазақстандық өтінім берді.

Тартысты дода финалға шыққан 5 ару арнайы атақтарға таласты. Нәтижесінде:

Фото:  Stan.kz

  • “Вице-мисс Қазақстан 2024” атағын Айдана Әбілқасова;
  • “Жер аруы 2024” атағын Томирис Қадырхан;
  • “Ғалам аруы 2024” атағын Дана Алмасова;
  • “Қазақстан аруы 2024” атағын Бағым Балтабаева иеленді.

Фото: Stan.kz

“Бұл жеңісті күтпедім. Қатты қобалжып тұрмын. Мұнда мені отбасым әжем мен бауырларым қолдап келді. Шынымен, әлі де сене алар емеспін!”, – деді “Қазақстан аруы 2024” атағын Бағым Балтабаева.

Жеңімпаздарға бағалы тәж бен атақпен қоса бағалы сыйлықтар: Ақшалай сертификат, зергерлік бұйымдар мен Еуразиялық техникалық университетіне гранттар ұсынылды.