«Қазақстан аруы – 2021» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды

0

«Қазақстан аруы – 2021» ұлттық сұлулық байқауы өз мәресіне жетті. «Қазақстан аруы» тәжі Назерке Қармановаға бұйырды деп хабарлайды Kznews.kz 

Жеңімпаз аруға тәжді «Қазақстан аруы — 2019» атанған Мадина Батық кигізді. Енді Назерке Қарманова «Әлем аруы» байқауында Қазақстан намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар, байқау нәтижесінде тағы екі қатысушы ару тәж киді. Бірден үш жеңімпаздың анықталуы байқау тарихында алғаш рет болып отыр.

Анна Глубоковская ел атынан «Жер жүзі аруы» байқауына, ал Айдана Ақантаева «Жаһан аруы» байқауына қатыспақ. Данагүл Қарабай мен Қарлығаш Сексенқызы вице-мисс атанды. Айта кетейік, байқаудың финалына 28 ару шықты. Оның ішінен 5 бойжеткен үздік атанып, жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы таңдалды. Еске салайық, биыл «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының өңірлік турлары онлайн-форматта өтті. Еліміздің әр өңіріндегі үміткер аруларды ұлттық қазылар алқасы таңдады. Олар өтінімдерді қарап, әр қатысушы қызбен онлайн түрде тілдескен болатын.

Қазылар алқасы құрамына биыл актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, «Қазақстан аруы-2013» Айдай Исаева мен KFW негізін қалаушы дизайнер, стилист AlexChzhen кірді. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942514-qazaqstan-aruy-2021-ulttyq-baiqauynyn-zenimpazy-anyqtaldy/