Қазақстан АҚШ-тың «демократия саммитіне» шақырылмады

0

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында Джо Байден ұйымдастырған «демократия саммитіне» шақырылған мемлекеттер тізімі жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz сайты reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Виртуалды іс-шара 9-10 желтоқсан аралығында бейнеконференция түрінде өтеді. Жиынға 110 ел қатыспақ.

Тізімде Қытай, Ресей және Қазақстан жоқ. Венгриядан өзге ЕО-ға мүше елдердің бәрі дерлік шақырылған.

АҚШ-тың НАТО-дағы одақтасы Түркия да саммитке шақырылмаған.

Алайда Байден әкімшілігі Польша, Үндістан және Филиппинді шақырған. Бұрынғы КСРО елдері арасында Украина, Армения, Грузия, Молдова, Литва, Латвия және Эстония шақырылған. Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан қатысушылар қатарында жоқ.

Оралбай МЕРГЕНБАЙҰЛЫ