Қазақстан алғашқы алтынды алды: Токио-2020-да жерлесіміз чемпион атанды

0

Қазақстандық Давид Дегтярев Токио паралимпиадасында пауэрлифтингтен 54 келі салмақта чемпион атанды. Токиода 172 келі көтерді. Бұл туралы журналист Руслан Меделбек Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Давидтің нәтижесі мықты өскен екен. 2018 жылы Джакартада өткен Пара Азиадада 157 келімен күміс медаль алған еді. 2019 жылы астанада өткен әлем чемпионатында 162 келімен 5-орынмен шектелген.

Биыл Тбилисиде өткен Әлем кубогында 185 келімен алтын жүлде иеленген. Енді карьерасындағы басты жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстан тарихта жазғы паралимпиадада екінші рет алтын алды. Риода жүзуден Зүлфия Ғабидулина чемпион атанған еді.