Қазақстан алғаш рет парадзюдодан алтын жеңіп алды

0
Қазақстан алғаш рет парадзюдодан алтын жеңіп алды


60 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен спортшы 18 жаста.

16-18 қараша аралығында Португалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан өткен әлем чемпионатында отандасымыз Олжас Оразалыұлы Қазақстан тарихында алғаш рет осы спорт түрінен алтын жүлде жеңіп алды. 

60 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен балуан қазір 18 жаста. Ол испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді. Ал жартылай финалда әзербайжандық Орхан Гараевтан басым түсіп, финалда Алжир спортшысы Ишак Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медаль салды.

Осылайша еліміз 42 мемлекет, 267 дзюдошы қатысқан дүбірлі додада командалық есепте 1 алтынмен 10-орынға тұрақтады. Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 7 балуан қорғады.

Дереккөз: Sputnik