Қазақша сөйлейтін жерге бар: Алматыдағы “Узбечка” кафесі мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқан
Мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді сұрағаны үшін экономист, профессор Атамұрат Шәменовты кафеден шығарып жіберген.
– “Мен қазақ емеспін, қазақша білуге міндетті емеспін” деп тақ ете қалды. Бұл қоғамдық орын мен тұтынушы ретінде қазақ тілінде тапсырыс қабылдаңыз десем, қысқа “жоқ” деп қайырды. Сәлден кейін “сізге қызмет көрсетілмейді” деп мені кафеден шығарып жіберді. Менің түйгенім бұрынғы Елбасының интернационализм саясатының жемісі диаспоралардың мемлекетті менсінбеуіне әкелгені. Алматы қаласының әкімдігі, аудандар Жаңа Қазақстан құруға талпынысы мардымсыз, сондықтан менің сөзімнің шындығын білгісі келетін журналистерге осы кафеге баруларына кеңес беремін. Тіл комитеті, кәсіпкерлікпен айналысатын басқармалар, прокурорлар қайда қарап отыр? SOS!!!», – деп жазды ол.