Қазақша құран оқыған имам жұрттан таяқ жеді

Қоғам белсендісі Асқар Болат әлеуметтік желідегі парақшасында қазақша Құран оқығаны үшін жұрттан таяқ жеген имам туралы жазды.
“Аруақтарға құран оқыту мақсатында берілетін Құдайы Асқа бір имаммен 4-5 күн бұрын келісіп қойғанмын. Мен оның келіп құран оқығанына 20000 теңге беремін және үстіне бір шапан кигіземін дегеніме қуана келіскен еді.
Келісім бойынша Құдайы Ас беруге бір күн қалғанда имамға звондадым, “шарт біреу, құранды арабша емес, тек қазақша оқисыз” деп.
Имам бірден “задний ход” берді: “ойбай, құранды қазақша оқуға мүлдем болмайды, қазақша оқысаң құран қабыл болмайды” деп.
Бірақ, “үстіне 10000 қосып, 30000 теңге ғып беремін” дегеніме “кәззабың” келісе кетті.
Ертесіне Құдайы Асқа келгендер құран-хатымның қазақшасын тыңдап жағаларын ұстады.
Бір жағынан таңданған, екінші жағынан имамдардың айтқан өтіріктеріне сеніп жүрген жұрт мән-мағынасыз құран сүрелерінің аруақтарға еш қатысы жоқ екенін біліп, өздерінің имамдардың өтіріктеріне алданып жүргендерін түсініп, ашу-ызаға булығып, имамды боқтап, үйден қуып шықты.
Таяқ жеген имам, боқтау естіген имам. Апам да мәз, мен де мәз. Ең бастысы, жұрт бұдан-былай имамдарды құран оқытуға шақырмайтын болды, — деп жазды ол.