Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Күйші) » ZHARAR

0

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Күйші) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Күйші) на казахском языке

(Мемлекеттік сыйлықтың иегері Секен Тұрысбекке)

Домбыраңның үнінде
тағдырыңның мұңы бар.
Шерлі күйдің тілін де
шеменді жан ұғынар.

Шаттық шашып ойнайды
көңіліңнің толқыны.
Сағындырмай қоймайды
сезім сыры мол түні.

Домбыраңның қолға алған
пернесінде – Ар күші.
Бабаларым қорғаған
байтақ дала жаршысы.

Болмысыңды қазақы
қос ішекпен таныттың.
Өшпейтұғын әз аты,
Оғыланысың халықтың.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com