«Қазақсанда әлі ешкім жасаған емес»: Баян Алагөзова сән әлемінде тың туынды ұсынбақ — Қазақстан жаңалықтары

0

Баян Алагөзова толықметражды фильмге дайындық жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НTK арнасының Ревью бағдарламасына сілтеме жасап.

Мейрамбек пен Баян

Белгілі продюсер сән әлемі жайлы сыр шертетін туындының түсірілім жұмыстарын ағымдағы жылдың тамызында бастамақ. Ал қазірге Алагөзова ханым толық метражды фильмге тың идея іздестіруде. Туынды атақты дизайнердің өміріне қатысты болуы мүмкін екендігін айтады продюсер.

«Дизайнерлермен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, олардың ішкі әлемін жақсы білемін. Қазір бәрі дизайнер болып, сән әлеміне кіргісі келеді. Осыған орай, бәсекелестік те жоғары екенін аңғарамын. Өйткені, сән әлемі біздің өмірімізге толықтай еніп кеткен. Дәл менің ойымдағы туындыны Қазақстанда әлі ешкім жасаған емес», — дейді Баян Алагөзова.

stan.kz