«Қазақмыс» соңғы 4 жылда Назарбаевтың қорларына миллиардтаған ақша аударып отырған

0
76
ainews.kz

ҚР-дағы ең ірі мыс өндірушісі «Қазақмыс» соңғы 4 жыл ішінде Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі коммерциялық емес қорлармен және ұйымдармен белсенді түрде байланыс жасады. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақмыс» кәсіпорны жылдар бойы қорларға ақша төлеп отырған. Алайда бұл аударымдар қағаз жүзінде әлеуметтік саланы қолдау ретінде  жасалғанын мәлім еткен.

Қазақстанның бұрынғы президентінің төрт қоры бар: «Назарбаев Қоры», «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры», «Демеу қоры», «Елбасы Қоры». Жалпы, қорларда миллиардтаған доллар бар. Бірақ олардың қандай мақсаттар үшін құрылған және қандай функцияны атқаратыны әлі белгісіз.

Жылдар бойынша «Қазақмыс» аударымдары:

2018 жылы-32 млрд теңге.
2019 жылы-12 млрд теңге.
2020 жылы-29,2 млрд теңге.
2021 жылы-6,2 млрд теңге.

Ақпарат: northern-newspaper.ru