«Қазақмыс» қызметкерлері шахтада жұмыскерді соққыға жыққан

0

Шахтада жұмыскерді соққыға жыққан күдіктілер «Қазақмыс корпорациясы» АҚ қызметкерлері болып шықты, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

«Күдіктілер «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ «Жомарт» кенішінің қызметкерлері болып шықты, олар өз жұмыс орнында қоғамдық тәртіпті дөрекі бұзып, басқа әріптестеріне көпе-көрнеу басымдылық танытып, басқа қызметкермен төбелесіп, оның денсаулығына зиян келтірген» делінген полиция хабарламасында.

 

Қақтығыс куәгерлері табылғаны  атап өтілді. Күдіктілер қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ақпарат: http://Orda.kz

Фото: Sputnik/Кирилл Каллиников